ОҚО-да тауға шыққан әйел құлап өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да тауға шыққан әйел құлап өлді

ОҚО-да тауға шыққан әйел құлап өлді

Оңтүстік Қазақстанда тауға барып демалмақ болған әйел биіктен құлап, қаза тапты. Қайғылы оқиға Төлеби ауданындағы Ақмешіт шатқалында болған.

  • 19 Мамыр 2015
  • 252
Фото - Caravan.kz

Жекеменшік компанияның 20 қызметкері демалыс күндері табиғат аясына барып, сергіп қайтпақшы болыпты. Екі күн бойы жаған жаңбырға да қарамаған. Сөйтіп, тауда серуен құрып жүргенде 61 жастағы әйелдің аяғы тайып кетіп, құлаған. 15 метр биіктіктен құлдилаған ол сол жерде жантәсілім етті. Бухгалтер болып жұмыс істеген әйелдің денесін әріптестері өздігінен алып шыға алмасын түсінген соң, құтқарушыларды шақыртқан.