Жарияланды: 610

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған түлек өзіне қол салды

ОҚО-да ҰБТ-дан шектік балл жинай алмаған түлек өзіне қол салды Сурет - stan.kz

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Бұл оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Ошақты ауылында орын алған. №107 Ю.Сареми атындағы мектепте оқыған түлек сынақтан небәрі 53 балл жинаған (оның сегізі орыс тілі пәнінен жинаған) қыз он жеті жасқа толған күннің ертеңінде мал қорада асылып қалған.

Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Маханов растады. Тіпті қыздың психологиялық күйзеліске түсіп жүргенінен де хабардар екен. Алайда басқа мәлімет беруден бас тартты.

«Білемін, сіздерге сенсация керек. Бірақ, қызды көміп алайық алдымен. Ертең хабарласыңыз» деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, бойжеткеннің күйзелісте жүргенін айналасындағылар да байқаған. Бұл тестілеу сынағына дейін орын алған. Осыдан кейін психологтар ҰБТ-ға қатыстырмай-ақ қойсақ қайтеді деген көрінеді. Білім бөліміндегілер психологтардың ұсынысын қабылдамай, ақыры сынаққа қатыстырыпты. Алайда бұл ақпаратты ауданның бас педагогы растамады.

Аиданың денесін 21 маусым күні, таңғы уақытта ағасы өз үйлерінің мал қорасынан тауып алған. Бұл іс Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының 1 бөлімінде тіркелген. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть