ОҚО-да жүк көлігінің жүргізушісі екі жүргіншіні басып өлтірді
![]() |
ОҚО-да жүк көлігінің жүргізушісі екі жүргіншіні басып өлтірді. |
ОҚО ІІД баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, апат 27 қазанда кешкі сағат 9-дарда Алматы-Ташкент-Термез күре жолында орын алды.
Сарыағаш ауданының 20 жастағы тұрғыны «Shacman» маркалы жүк көлігін басқарып келе жатып, екі жүргіншіні басып кетті. Апат салдарынан 25-30 жастардағы екі ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта полицейлер қаза тапқандардың кім екенін, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Сараптама жүргізілуде. Жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Көлігі айыппұл тұрағына қойылды. ҚР ҚК 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сот алды тергеу жүргізілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін