ОҚО-ның Ерәлиев ауылында жаппай тәртіпсіздік орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-ның Ерәлиев ауылында жаппай тәртіпсіздік орын алды

ОҚО-ның Ерәлиев ауылында жаппай тәртіпсіздік орын алды

 

  • 1 Тамыз 2016
  • 629
Фото - Caravan.kz

Жаппай тәртіпсіздіктің орын алуына апта басындағы 9-сынып оқушысының 8 жасар қызды зорлауға әрекеттенуі себеп болған. Бұл туралы ratel.kz хабарлады.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, кеше түнде ОҚО-ның Мақтаарал ауданына қарасты Ерәлиев ауылында он шақты адам бүлік шығарып, жергілікті тұрғындарды соққыға жыққан. Бұған қоса үйлерін өртеуге әрекеттенген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бозбала қыз баланы өзінің отбасына тиесілі дүкеннің жертөлесіне алдап кіргізген. Дәл сол кезде дүкенге бас сұққан әйел ешкімнің жоғын көріп, сатушыны дауыстап шақырған. 9-сыныптың оқушысы аздаған уақыттан соң ғана шалбарын көтеріп, іштен шығыпты. Әлденеден секем алған әйел жертөлеге жүгіріп кіріп, жылап отырған кішкентай қызды тауып алған. 

Әйтседе, сараптама қорытындысы зорлық белгілерін анықтаған жоқ.


Бірінші сыныптың оқушысы мен зорлық жасады деп күдіктенген оқушы Сәкен Сейфуллин атындағы бір мектепте оқиды. Ұстаздардың айтуынша, оқушы қыздың дамуында аздаған ауытқулар бар.

Қазір түнгі тәртіпсіздіктен кейін Ералиев ауылын тәртіп сақшылары қоршап тұр. Дүкен мен халық көп жиналатын орындар жабық. Бүгін таңертең ауыл мектебінде ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың қатысуымен жиналыс өтті.

Ералиев ауылында тәртіпсіздіктің орын алғанын облыс әкімдігі растады. Облыстық ІІД жуық арада ресми мәлімет беруге уәде беріп отыр.

Соңғы жаңалықтар