Оқу жылы қашан аяқталады? – министр анығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқу жылы қашан аяқталады? – министр анығын айтты

Оқу жылы қашан аяқталады? – министр анығын айтты

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқу жылының 31 мамырға дейін созылуына қатысты пікір білдірді.

  • 4 Сәуiр 2023
  • 124
Фото - Caravan.kz


Министр қазір оқу жылының 36 аптаға созылғанын айтты. Бұл шараның 2018 жылғы PISA нәтижесі бойынша елдегі білім сапасының әлем елдеріне қарағанда жеткіліксіз болуына байланысты қолданылып отырғанын еске салды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Биыл оқу жылы 31 мамырға дейін созылады. Ол кері қайтарылмайды. Бұл әлемде бар үрдіс. Кей мемлекеттер 42 аптаға дейін оқып жатыр. Бір мәселенің басын ашып алу керек, бізге балалардың білім деңгейінің жоғары, әлемдегі бәсекелестікке қабілетті болғаны керек пе немесе мақсатымыз басқа ма? Бұл биыл ғана енгізіліп жатқандықтан, соңына дейін жеткізіп, нәтижесін қарау керек», – деді Бейсембаев.

 

Соңғы жаңалықтар