Оқу жылына дайын емес: Өскеменде бір мектептің оқушылары тағы да онлайн оқиды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқу жылына дайын емес: Өскеменде бір мектептің оқушылары тағы да онлайн оқиды

Оқу жылына дайын емес: Өскеменде бір мектептің оқушылары тағы да онлайн оқиды

Жөндеу жұмыстарының кеш басталуына мемлекеттік сатып алу процесінің ұзаққа созылуы себеп

  • 1 Қыркүйек 2022
  • 273
Фото - Caravan.kz

 Өскеменге қарайтын Шығыс ауылындағы мектептің ғимараты жаңа оқу жылына дайын емес, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы Алтайньюс-қа сілтеме жасап. 

Абай атындағы №33 мектеп апаттық жағдайдың аз-ақ алдында тұр. Алайда жөндеу жұмыстары жаңа оқу жылы қарсаңында ғана басталыпты.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлима Ақылбектің айтуынша, жөндеу 17 тамызда басталған.

Жұмыстың кеш басталуына мемлекеттік сатып алу процесінің ұзаққа созылуы себеп болған көрінеді. Енді оқушылардың басым көпшілігі сабақты онлайн оқиды.

"Жөндеу аяқталғанша бастауыш сынып оқушылары Новоявленка ауылындағы ескі мектепте оқиды. Ал 9 және 11 сынып оқушылары Ахмер кентіндегі №49 мектепте білім алады. Қалған 266 оқушы ата-аналардың келісімімен онлайн түрде оқитын болды", – дейді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлима Ақылбек.


Соңғы жаңалықтар