Оқушылар мектепке оралады:Ақтөбе облысында жаңа қаулы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушылар мектепке оралады:Ақтөбе облысында жаңа қаулы жарияланды

Оқушылар мектепке оралады:Ақтөбе облысында жаңа қаулы жарияланды

Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері өңірдің "қызылдан" "сары" аймаққа өтуіне байланысты жаңа қаулы шығарды.

  • 6 Мамыр 2021
  • 90
Фото - Caravan.kz

Құжатқа сәйкес 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптағы бала санын 25-тен асырмай дәстүрлі форматта оқуға, сондай-ақ жалпы білім беру мекемелерінде барлық сынып үшін бөлмедегі бала саны 25-тен аспайтындай етіп аралас форматта оқуға рұқсат етілді.

Сонымен қатар сабақтын тыс уақытта білім беру мекемесі әкімшілігінің рұқсаты бойынша топтағы адам санын 15-тен асырмай оқушыларға жеке білім беру сабақтарын жүргізуге болады.

Жоғарғы және кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының І курс студенттері штаттық оқуға қайта оралады. Алайда білім беру мекемелеріндегі асхананың жұмысына әлі де тыйым салынып тұр.

Санитар дәрігердің қаулысына сәйкес ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат берілді. Облыстық командаларды даярлауға арналған оқу-жаттығу жиындары қайта басталады. Бірақ спортшылар мен жаттықтырушылар коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын қабылдағанын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.


Бұған дейін көшедегі азық-түлік саудасының санкцияланған түрлеріне жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ бетпе-бет кездесу арқылы жиындар өткізуге де болады.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы 30 сәуірден бері "сары" аймақта тұр.

 

Соңғы жаңалықтар