Оқушылар қашықтан оқытуға көшуі мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушылар қашықтан оқытуға көшуі мүмкін бе?

Оқушылар қашықтан оқытуға көшуі мүмкін бе?

Қазақстанның барлық аймағында тұмауға шалдыққандар саны өсіп келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вирустық инфекция ауыр өтеді, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа-порталы "Хабар 24" ақпараттық арнасына сілтеме жасап.

Аураханаға жүгінген адамдардың көпшілігінде "В" типті вирус табылған. ?

  • 4 Қараша 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Аураханаға жүгінген адамдардың көпшілігінде "В" типті вирус табылған. Дәрігерлер ондай кезде науқастың дене қызуы көтеріліп, қатты жөтелетінін айтады. Науқастан мұндай белгілермен инфекциялық ауруханаларға жүгініп жатыр. 

"Ауруханаға жатқызылып, стационарлық емдеуді қажет ететін пациенттер саны өсіп келеді. Соңғы бір айда стационар 100 пайызға жуық толы. Қазір 159 пациент ем алып жатыр. Олардың 60 пайыздан астамы тұмау жұқтырған, көпшілігі – жүкті әйелдер", – деді Астана қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Атығаева.

Жалпы Қазақстан бойынша 800 мыңға жуық адам ЖРВИ жұқтырған. Науқастардың жартысынан көбі – балалар. Соған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі балаларды қашықтықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.


"Егер сыныпта бір инкубациялық кезеңде 30 пайыз немесе одан артық бала ауырса, бұл жағдайда оқыту онлайн форматқа ауыстырылады", – деді Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

 

 

Соңғы жаңалықтар