Оқушыларға президент шыршасының сыйлығы енді таратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыларға президент шыршасының сыйлығы енді таратылды

Оқушыларға президент шыршасының сыйлығы енді таратылды

Билік өкілдері балаларға арналған сыйлықты уақытылы жеткізбеген кәсіпорынды сотқа берген

  • 13 Ақпан 2018
  • 141
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысында президент шыршасына қатысқан балаларға сыйлық ретінде ноутбук берілді, деп хабарлайды Sputnik өңірдің білім беру басқармасына сілтеме жасап. 

"Өткен демалыста балалардың бәріне ноутбук үлестірдік. Әрқайсысы сыйлыққа ие болды. Мамандар компьютерге қажетті бағдарламалар орнатып, дұрыс пайдалану үшін ақыл-кеңес берді", — деп хабарлайды білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

"Жауапсыз жеткізуші "Tenderlik kompaniya sattilik" ЖШС сотқа берілді. Балаларға сыйлық алуға жауапты тұлғаға қатысты тиісті шара қолданылған. Дарынды балалармен жұмыс істейтін облыстық әдістемелік орталықтың директоры қызметінен босатылды", — деп атап өтті облыстық білім беру басқармасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 9-13 жас аралығындағы 200 балаға президент шыршасынан сыйлық ретінде ноутбук берілуі тиіс болатын.


Соңғы жаңалықтар