Оқушыларға сабақ беру үшін АҚШ студенттері Семейге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқушыларға сабақ беру үшін АҚШ студенттері Семейге келді

Оқушыларға сабақ беру үшін АҚШ студенттері Семейге келді

АҚШ-тың Массачусетс технология институтының 1-курс студенттері Семейге келді. Шетелдік студенттер «MISTI Kazakhstan Global Teaching Labs» бағдарламасымен келіп отыр.

  • 27 Қаңтар 2019
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне АҚШ-тың Массачусетс технология институтының студенттері Джим Майли Мари Ю Лианг және Годфри-Игве Стейси Чидера келді. Бірі — биоинженерия, екіншісі — көлік құрастыру мамандығы бойынша білім алып жүр. 3 апталық сапар аясында олар 11-сынып оқушыларына химия, физика пәндерінен сабақ береді.

Майли мен Стейси бірлесе отырып сабақтан тыс уақытта «Көшбасшылық», «Тайм-менеджмент», «Ұсыным хат жазу», «Мотивациялық хат жазу» тақырыптарында семинар кездесулер өткізуде. Бұдан бөлек, мектеп шәкірттерінің тікелей қатысуымен «Эко-баған», «Генетикалық өңдеудегі қазіргі зерттеулер мен этика» атты жобаларды жүзеге асырып жатыр.

«Эко-баған» жобасының мақсаты — бір бағанда үш экожүйені (жер үсті, шірінді және су) жасау. Сонымен қатар, екі ортаны салыстыру үшін бір-бірінің абиотикалық және биотикалық факторлары бақыланады. Ал «Генетикалық өңдеудегі қазіргі зерттеулер мен этика» деп аталатын жоба 2013 жылы жасалған генетикалық редакциялау құралы, CRISPR-тың ағымдағы зерттеу жұмыстарын көрсетеді»,-дейді Джим Майли Мари Ю Лианг.