Оқыс оқиға кезінде екі адамды ат теуіп, біреуін түйе тарпып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқыс оқиға кезінде екі адамды ат теуіп, біреуін түйе тарпып тастады

Оқыс оқиға кезінде екі адамды ат теуіп, біреуін түйе тарпып тастады

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тосын жағдайлар болды. Екі адамды ат теуіп, тағы біреуін түйе тарпып тастаған. Мертіккендер шұғыл түрде медициналық стационарға жеткізілді. Жарақат алған 3 адамның аяғы сынғаны анықталды. Тағы бір азамат қолының буынын сындырып алған, деп хабарлайды Baq.kz.

  • 8 Қыркүйек 2016
  • 698
Фото - Caravan.kz

Жарақатитанғандарға шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл далалық жағдайда көрсетілетін көмектің бәрін жасады. Жалпы ойындар барысын толық бақылауда ұстау үшін әрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бішкектен жедел жәрдем станциясының 17 дәрігері Қырчын шатқалында күндіз-түні қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда бұл аумақта 6 медициналық пункт тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бірнеше адам Чолпан-Ата қаласына қарасты Ананьево ауылындағы жалпы медициналық көмек көрсететін орталыққа жеткізілген.

«Соқыр ішек диагнозымен ауруханаға 3 адам жеткізілді. Оның ішінде 8 жастағы бала да бар. Сонымен қатар, 1 адам инсульт алып және 1 адам эпилепсиясы қозып, медициналық орталыққа әкелінді. Әрі адамдар дене қызуының көтерілуіне, тұмауға және тісінің ауырғандығына шағымданған», – деп хабарлайды Бішкек мэрінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлері Монғолиядан келген спортшыға көмек көрсетті. Оның қолына жебе тиген. Ол шұғыл түрде аурухана жеткізілді. Ақ халаттылар тәулік бойы жұмыс істеп, әрбір шағымданған азаматқа көмек көрсетуге тырысты.


Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 58-ден астам елдің 600-ге тарта спортшысы қатысуда. Олар 25 спорт түрінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратуда. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 75 спортшы қорғайды.

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Ыстықкөл облысында 3-8 қыркүйек аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар