Орал әуежайына ұшақтардың қона алмауы жолаушыларды шығынға батырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал әуежайына  ұшақтардың қона алмауы жолаушыларды шығынға батырып  жатыр

Орал әуежайына ұшақтардың қона алмауы жолаушыларды шығынға батырып жатыр

Оралдағы халықаралық әуежай бірнеше күннен бері ұшақ қабылдамай жатыр. Соның кесерінен жүздеген жолаушы діттеген жерлеріне жете алмады. Бұған әуежайдың ұшақ қонатына алаңына арнайы навигациялық қондырғының орнатылмауы себеп. Оның қашан іске қосылатына да белгісіз. Ал сабылған жұрт не істерге білмей отыр.

  • 24 Қараша 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

Үш күннен бері Оралдағы ұшаққа билет сататын кассаларда маза жоқ. Жолынан қалған жолаушылар ақшаларын кері қайтаруды талап етуде. Ал кейбіреулері ұшатын болар деген үмітпен әлі сандалып жүр. Бірақ бүгін түстен соң әуежай тағы қолайсыз ауа-райына байланысты ұшақ қабылдаудан бас тартқанын хабарлады.

Мағрипа Грачёва, Ресей азаматы:

-Осыншама уақыт бізді не үшін сандалтып қойды? Ерте айтса жолға пойызбен шығар едік. Екі күн бойы ұшатын шығар деп отырдық.

Астанадан Оралға бет алған 20 жолаушы да жарты жолда қалды. Олар сенбі күні діттеген жерлеріне жетулері керек еді. Ақыры бүгін таңда Bek Air компаниясының ұшағы көкке көтеріліп, оларды Ақтөбеге тастап кеткен. Тасымалдаушылармен дауласудан шаршаған жолаушылар такси қызметіне жүгінуге мәжбүр.

Әлім Әбжіков, Орал қаласының тұрғыны:

-Ақтөбеге ұшақ  әкеп тастады. Енді мында өкілдері жоқ. Енді таксимен Оралға кетеміз шығынмен.. Пойызбен 12 сағат Ресей арқылы жүреді. Өтемақы ештеңе бермейміз дейді. Мында баламен жүрген. Екі күн әуежайға қонғандар бар.

Ал әуе тасымалдаушылар өздерін ақтап әлек. Ауа-райы мен әуежайдағы олқылық кесірінен шаш етектен шығынға батқандарын айтады.

Гүлнар Есмұқанова, «Bek Air» компаниясының өкілі:

-Азаматтар тіркеуден өтпейінше жолаушы болып саналмайды. Сондықтан біз ешқандайда көмек бере алмаймыз. Өзіміздің шығынымыз жетіп артылады.

Әуежай басшылары ұшақ алаңының 2 жылдан бері жөнделіп жатқанын алға тартады. Жарық шамдарын орнатқанымен, боранды немесе тұманды күндері оның көмегі шамалы екен. Ол үшін арнайы навигациялық қондырғы қажет. Орал әуежайына оны қоюды «Қазаэронавигация» мекемесі ұмытып кеткен.

Хайретдин Расқалиев, Орал халықаралық әуежайының бас директоры:

-Бұл жүйені желтоқсан айының ортасына таман қосамыз деп отыр. Одан кейін арнайы ұшақты қондырып тексеріп көреді. Әзірге қондырғы істеп тұрған жоқ.

Енді екі тәулік бойы ұшақ күткен жолаушылар Оралдан шығудың жолдарын қарастыруда. Кейбіреулері темір жолға жүгірсе, енді біреулері Ақтөбе немесе Атырауға жетіп ұшып кетуді көздеп отыр. 

Соңғы жаңалықтар