Орал әуежайында жолаушылар бірнеше күн бойы діттеген жеріне жете алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал әуежайында жолаушылар бірнеше күн бойы діттеген жеріне жете алмай отыр

Орал әуежайында жолаушылар бірнеше күн бойы діттеген жеріне жете алмай отыр

Орал әуежайындағылар әбігерге түсті. Олар бірнеше күннен бері ұшақ ұшыра алмай және қабылдай алмай отыр. Соның салдарынан жүздеген жолаушы діттеген жеріне жете алмады.

  • 9 Қаңтар 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұған әуежайдың ұшақ ұшатын жолағындағы қалың қар кедергі. Оның қашан тазаланатыны да белгісіз. Өйткені әуежайда арнайы қар күрейтін техника жоқ көрінеді. Ал әуежай басшылары бұған ауа райының қолайсыздығы себеп деп отыр. Сабылған жұрт не істерін білмей әлек.

Жаңа жыл басталғалы осы проблемамен арпалысып келе жатқан  жолаушылар мәселенің шешімін күтуде.Күнде ұшамын деп үмітпен келген жолаушылар кете алмай, әуежай жағалап тіпті сонда түнеп те қалуда.

Бірнеше күннен бері Оралдан келетін отбасын күтіп Алматының әуежайын жағалап жүргендер қаншама?! Рейстің кешіктірілуінен одан соң мүлдем тоқтатылуынан жолаушылар көп шығындалғанын айтып әуежай басшылығына қапалы.


 

Соңғы жаңалықтар