Орал мұражайында жалақы сұрамайтын қызметкер пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал мұражайында жалақы сұрамайтын қызметкер пайда болды

Орал мұражайында жалақы сұрамайтын қызметкер пайда болды

Оралдағы өлкетану мұражайында тегін жұмыс істейтін «қызметкер қыз» пайда болды. «Бойжеткен» жалақы сұрамақ түгілі, тамақ та ішпейді. Еңбек демалысын да қажет етпейді.     

  • 5 Шiлде 2014
  • 314
Фото - Caravan.kz


-Жайық қалашығының тарихы, Бөкей Ордасы тарихынан сыр шертетін жәдігерлер…

Тал шыбықтай бұралған бұл ару бүгіннен бастап мұражайда гид болып жұмыс істейді. Қасы көзі қиылған қазақ қызы таң атып кеш батқанша тізе бүкпейді екен. Мұражайға бас сұққандарға Батыс Қазақстан туралы мағлұматтарды тәптіштеп айтып береді. Ол тіпті ең көне жәдігерлерді де жатқа біледі. Тек бұл сұлумен қол алысып амандасу нағыз арман. Өйткені, ол виртуалды қызметкер. Есімі – Гаухар. Ол қазақ және орыс тілдерінде сөйлей алады. Мамандар болашақта оған ағылшын тілін де «үйретпек».