Орал қаласының сәулетшісі қызметінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал қаласының сәулетшісі қызметінен босатылды

Орал қаласының сәулетшісі қызметінен босатылды

Қала әкімінің өкімімен прокуратураның және БҚО-дағы тәртіптік кеңестің ұсынысына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 

  • 15 Тамыз 2013
  • 368
Фото - Caravan.kz


Орал қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асқар Хұсайынов қызметінен босатылды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сәулетші биыл үш адамға пәтерді қайта жоспарлауға рұқсат беруден  бас тартқан. Алайда қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес панельді үйлерде мұндай қайта жоспарлауды іске асыруға тыйым салынатындығына қарамастан, ол бұдан бұрын өткен жылдың шілде айынан бастап биылғы сәуір айы аралығындағы кезеңде 17 пәтердің тасымалдауыш қабырғаларын қайта жоспарлауға рұқсат берген. Сөйтіп шешім қабылдау кезінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 12-бабы 1-тармағы  4-тармақшасына сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқықбұзушылыққа жол берген.