Оралда 24 жүргізушінің жалған нөмірмен жүргені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда 24 жүргізушінің жалған нөмірмен жүргені анықталды

Оралда 24 жүргізушінің жалған нөмірмен жүргені анықталды

Оралда 24 жүргізушінің жалған нөмірмен жүргені анықталды.

  • 22 Маусым 2018
  • 57
Фото - Caravan.kz

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік құралын жүргізгендерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен биыл 24 жүргізуші сондай құқықбұзушылыққа барғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысына 48100 теңге айыппұл салынды.

Қазіргі таңда 20 жүргізуші айыппұлды өз еркімен төлесе, қалған төртеуіне мәжбүрлеу шарасы қолданылатын болады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын қалада 80-ге жуық жүргізушінің жолдың қарсы бетіне шығып кеткені үшін куәлігінен айырылғанын жазған болатынбыз.  

 

Соңғы жаңалықтар