Оралда ауруханаға түскен балалардың барлығы үйлеріне шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда ауруханаға түскен балалардың барлығы үйлеріне шығарылды

Оралда ауруханаға түскен балалардың барлығы үйлеріне шығарылды

Оралда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінен түскен 129 бала түгелдей үйлеріне шығарылды.

  • 9 Қараша 2015
  • 343
Фото - Caravan.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, олардың дені бұдан бұрын өз отбасыларына оралса, бүгін қалған 23 бала ауруханадан шықты. Бәрінің де жағдайы жақсы.

Қазіргі кезде ауруханада мектеп асханасының 22 қызметкері ем алуда.

Еске сала кетейік, оқушылар 30 қазаннан бастап жаппай жатқызылған болатын. Олардың барлығына дизентерия диагнозы қойылды.