Оралда балалар отырған автобус жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда балалар отырған автобус жанып кетті

Оралда балалар отырған автобус жанып кетті

Орал қаласында балаларды алып бара жатқан автобус жанып кетті.  

  • 13 Маусым 2023
  • 39
Фото - Caravan.kz

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 13 маусым күні Г. Бельгер көшесінде болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Сағат 12.40-та Г. Бельгер көшесіндегі 114-үй тұсында «ПАЗ» жеке автобусы отқа оранды. Тілсіз жау сағат 13.09-да оқшауланып, 13.14-те ауыздықталды. Адамдар аман. Оқиға орнында 6 адам (1 техника) жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», — деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, автобус балаларды алып келе жатқан. Барлығы шығып үлгеріпті. Өртеніп жатқан автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары көлікте мектеп лагеріндегі оқушылар болғанын және олардың киноға бара жатқанын жазған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында бес қабатты үйден 
өрт шыққанын
 жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында орманға кіруге шектеулер енгізілді.

Соңғы жаңалықтар