Оралда баспана кезегінде тұрғандардан құжат қабылдана бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда баспана кезегінде тұрғандардан құжат қабылдана бастады

Оралда баспана кезегінде тұрғандардан құжат қабылдана бастады

Оралда тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мекемесінде ұзын-сонар кезек. Мұнда бүгіннен бастап баспана кезегінде тұрғандардан құжат қабылданып жатыр.

  • 5 Тамыз 2015
  • 261
Фото - Caravan.kz

Құжаттар әлі 3 апта бойы қабылданады. Десе де, пәтер жалдап, күн көріп жүрген тұрғындар мұны күтетін жағдайда емес. Баспаналы болам деген үміт жетегінде жүргендер алғашқы күннен-ақ мекеме алдында ұзын-сонар кезекте тұр. Әсіресе, күннің аптап ыстығында күту қиын. Келушілерге мұнда еш жағдай да жасалмаған. Тізімге ілінбей қалудан қорқатын жастар мұны елеп те жатқан жоқ. Ал қала бойынша бір пәтерден он отбасы үмітті екен. Жалпы 14 мың адам үй кезегіне алынған. Дайын тұрған үйлер саны болса 153 қана.

Софья Әлімбетова, Орал қаласының тұрғыны:

— Таңертең сағат сегізден бастап очередьте тұрмын. 20 жыл мына кезекті күтіп, шаршап. Өзіміздің де денсаулығымыз шамалы.20 жыл кезек күтіп, пәтер жалдап жүрміз.

Соңғы жаңалықтар