Оралда басқарма басшысының орынбасары өз кабинетінде асылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда басқарма басшысының орынбасары өз кабинетінде асылып қалды

Оралда басқарма басшысының орынбасары өз кабинетінде асылып қалды

Оралда облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қызметтік кабинетінен ер адамның денесі табылды.

  • 6 Наурыз 2019
  • 33
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат. хабарлады. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше болған. Шамамен сағат 21.00-де департаменттің кезекші бөліміне басқарма басшысының орынбасары Хасен Тоясовтың денесі табылғаны жөнінде хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол асылып қалған.

«Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.


БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның денесін күзетшілер басшының демалатын бөлмесінен тауып алған.

Соңғы жаңалықтар