Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, 31 жастағы әйел Қарақалпақстан азаматы. Қазақстанда екі бірдей баласын сатып жіберген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Ол 2018 және 2019 жылғы екі баласын сатып жіберді. Бірінші баласын бес жыл бұрын Атырау облысынан келген ерлі-зайыптыға сатқан. Ал екінші факт 2022 жылы болды. Ол кезде үш жастағы қызын Орал қаласының тұрғындарына 1 миллион теңгеге сатып жіберген", — деді Нұрмағамбетов ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифингте.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, бірнеше рет бала сатқаны үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.