Оралда кәсіпкерді отбасымен бірге қырып кетті: Күдіктілер Ресейде іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда кәсіпкерді отбасымен бірге қырып кетті: Күдіктілер Ресейде іздестіріліп жатыр

Оралда кәсіпкерді отбасымен бірге қырып кетті: Күдіктілер Ресейде іздестіріліп жатыр

Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктілер Ресейде жасырынуы мүмкін деген болжам жасап отыр

  • 4 Қыркүйек 2020
  • 85
Фото - Caravan.kz

 Оралда үш бірдей адамды өлтіргендер Ресейде жасырынуы мүмкін.

Отбасымен бірге өлтірілген оралдық кәсіпкердің өліміне қатысты тергеу сегіз ай жүргізіліп жатыр. Күдіктілер әлі де ұсталған жоқ, деп хабарлайды sputniknews.kz  порталы "Астана" телеарнасына  сілтеме жасап.

"Қылмыскерлер полиция оқиға орнына келгенше ізін суытты. Қылмыс болған жерде іздер қалған, айғақ заттар табылды. Саусақ іздері де тексерілді", — деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Николай Колоницкий.

Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктілер Ресейде жасырынуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Күдіктілер туралы ақпарат көрші өңірлерге жіберілді.


Запрометовтар отбасының мүшелері 2020 жылдың 14 қаңтарында Янайкино ауылында өлтірілді. Өрт сөндірушілер жеке үйдегі жалынды ауыздықтаған кезде үш мәйіт тапты. 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, әйелі және 42 жастағы ұлының денесінде бірнеше пышақ жарақаты болды.

 

Соңғы жаңалықтар