Жарияланды: 290

Оралда Кеңес заманынан қалған ескерткіш мектеп аумағына көшірілді

Оралда Кеңес заманынан қалған ескерткіш қала орталығынан шығарылды. Тек тұғырынан түскен пионер мүсіні көнені көксеп жүрген кейбіреулердің наразылығын тудырмас үшін әскери-техникалық мектеп аумағына көшірілген.

Негізі ескерткіш 2008 жылдан бері мемлекет қарауынан алынып тасталған екен. Бірақ жергілікті билік оның көзін 7 жылдан кейін құртуға шешім қабылдапты. Жарты ғасыр бұрын соғылған алып мүсін кеңестік үгіт-насихат негізінде ойдан шығарылған кейіпкерге арналған. Яғни 12 жастағы Миша Гаврилов азамат соғысы кезінде ақтардың офицерін өлтіріп, Орал қаласына шабуыл жоспары көрсетілген құжаттарды қолға түсірді деген әфсана қалыптасқан болатын. Дегенмен, «пионердің ерлігін жыр қылып» айтып жүргендер өңірде әлі жетерлік. Бастысы – Кеңес дәуірінің көрінісі жұрттың көзінен таса жерге көшірілді. Ол үшін мамандар бір апта бойы қара терге түсіпті.

Болат Әмірғалиев, Орал қаласы көпсалалы жол пайдалану кәсіпорнының басшысы:

-Астындағы іргетасымен есептегенде ескерткіштің салмағы 72 тонна. Сондықтан мүсінді бөлшектедік. 15 тонналық кран мен бірнеше жүк көлігі кезек-кезек жұмыс істеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін