Оралда кішкентай қыздарды порнофильмге түсірген ағылшын азаматына қатысты сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда кішкентай қыздарды порнофильмге түсірген ағылшын азаматына қатысты сот басталды

Оралда кішкентай қыздарды порнофильмге түсірген ағылшын азаматына қатысты сот басталды

Оралда мектеп оқушыларын тырдай жалаңаш етіп таспаға түсірген ағылшын азаматына қатысты аты- шулы сот отырысы басталды. Жеткіншектерді шешіндіріп порнофильм түсірді деп айыпталған Питер Барох соттың жабық есік жағдайында өтуін өтінген екен.

  • 11 Маусым 2014
  • 233
Фото - Caravan.kz

Міне, айыпталушының өзі. Кілең кішкентайларды модель боласың деп алдап, камераға түсіріп әдеттенген ол енді өз бет-аузын қолымен қалқалап әлек. Ұлыбритания азаматы осы жылдың ақпан айында бір қап ұятсыз сурет, бейнетаспалармен ұсталған еді. Полицейлер пәтерінен 12 және 15 жас аралығындағы талдырмаш қыздардың порнофильмдерін де тапқан. Ал басты рөлдерде- атыраулық жеті бірдей жеткіншек пен оралдық 3 оқушы қыз. Ағылшынның құйтырқы әрекеттері 10 томдық іске тиек болып отыр. Оның орыс тілін түсінбеуіне байланысты қылмыстық құжаттардың барлығы шет тіліне аударылыпты.      


Алмагүл Смағұлова, прокурор:

-Сотталушы өз кінәсін мүлде мойындап отырған жоқ. Суреттерді жай қызық үшін түсірдім дейді. Яғни, оны сатуға дайындамаған, тек өзіне арнап жасадым деп ақталып отыр.