Оралда корей халқының Чхусок мейрамы тойланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда корей халқының Чхусок мейрамы тойланды

Оралда корей халқының Чхусок мейрамы тойланды

Оралдағы Достық үйі алаңында корей халқының дәстүрлі Чхусок мейрамы тойланды.

  • 20 Қыркүйек 2016
  • 661
Фото - Caravan.kz

Өңірдегі корей этномәдени бірлестігі ұйымдастырған мереке барысында аталмыш бірлестік өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарын ұсынды.

Чхусок — күзгі жиын-терін немесе егін орағы тәмамдалғаннан кейін тойланатын мейрам. Бұл күні корейлер өмірден озған ата-аналарын еске алып, бейіт айналасын тазартады. Үстелге күзгі жиын-терін өнімдері қойылады. Еске алу шаралары кейін әр отбасында жалғасады. Жалпы, корейлер де қазақтар сияқты ақсақалдардың алдын кесіп өтпейді. Шаңырақта кім үлкен болса, соның сөзіне тоқтайды.

Ұлттық мерекеге қатысушыларды Қазақстан халқы БҚО ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, БҚО корей этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максим Пак, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов құттықтап, игі тілектерін білдірді.

«Мұндай шаралардың бәрі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Қазақстанда барша ұлт өкілдері ынтымақпен өмір сүруде. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында өзге ұлт өкілдері өз мәдениеті мен дәстүрін, тілін сақтап, байыта түсуге мүмкіндік алды. Кеңес дәуірінде мұндай мүмкіншілік жасалған жоқ, қайта саны аз ұлттардың қысымшылық көргені белгілі. Осындай ұлттық мейрамдар бұдан кейін де жалғасады. Мұның бәрі — Елбасы саясаты мен ел бірлігінің арқасы», — деді Ғ.Қапақов ҚазАқпарат тілшісіне.

Еске сала кетейік, жексенбі күні Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында украин халқының Сорочин жәрмеңкесі аталып өтілген болатын.

null 

null 

null 

null 

null  

Соңғы жаңалықтар