Оралда мұражай тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда мұражай тоналды

Оралда мұражай тоналды

Оралда Мәншүк Мәметованың мұражайы тоналды. Ғимаратқа терезе арқылы түскен сұғанақ Мосин винтовкасы, ескі патефон, карабин, көне өлшеуіш сынды құнды жәдігерлерді қолды қылған.

  • 23 Мамыр 2014
  • 187
Фото - Caravan.kz

Мекеме қызметкерлері ұрлық жайлы таңертең жұмысқа келгенде бір-ақ біліпті. Әккі ұры 1891 жылы жасалған винтовка мен карабинді көрме сөресін сындырмай, асқан ептілікпен алған. Жоғалған жәдігерлер өткен күннің естелігі дейді музей қызметкерлері. Қарулар оқ атуға жарамсыз. Оны ұрының қандай оймен алғаны беймәлім. Барлық жерге саусақ ізін қалдырып кеткен қарақшыны ұстау қиын болған жоқ. 25 жастағы оралдық осыған дейін бес рет ұрлық жасап қолға түскен екен. Таяу арада тарихи жәдігерлер мұражай сөресіне қайта қойылады.


Асылай Ғұбашева, БҚО ІІД баспасөз хатшысы:

–Қылмыс санаулы сағаттың ішінде ізі суымастан ашылды. Жедел басқару орталығының және сол маңдағы бейнебақылау камераларын қарау арқылы күдіктінің түр-келбеті мен барған жерлері анықталды.