Оралда науқас әйел аурухананың үшінші қабатынан секіріп өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда науқас әйел аурухананың үшінші қабатынан секіріп өлді

Оралда науқас әйел аурухананың үшінші қабатынан секіріп өлді

Оралда 53 жастағы науқас әйел аурухананың үшінші қабатынан секіріп өлді. Оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

  • 3 Желтоқсан 2016
  • 2056
Фото - Caravan.kz


Қайғылы оқиға 30 қарашада болған, бірақ ол туралы енді ғана айтылып жатыр, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

"Ол әйел ауруханаға 28 қарашада жатқызылды. Ал 30 қарашада үшінші қабаттағы терезеден секіріп кетті. Бетонға құлап, сау-тамтығы қалмаған. Жансақтау бөліміне жатқыздық. Бірақ аман алып қалу мүмкін болмады. Қабырғалары, аяқ-қолдары сынып, миына зақым келген, қан көп кеткен. Туыстарын шақырдық. Тергеу жүріп жатыр" дейді аурухана бақылау кеңесінің төрағасы Равхат Истаев. 

Соңғы жаңалықтар