Оралда оқушы қыздарды тыржалаңаш суретке түсірген ағылшын азаматы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда оқушы қыздарды тыржалаңаш суретке түсірген ағылшын азаматы сотталды

Оралда оқушы қыздарды тыржалаңаш суретке түсірген ағылшын азаматы сотталды

Оралда мектеп оқушыларын азғырған ағылшын азаматы 8 жылын абақтыда өткізетін болды. Кәмелет жасына жетпеген қыздарды шешіндіріп, суретке түсірді деп айыпталған Питер Барох соттың жабық есік жағдайында өтуін өтінген. 10 томға жүк болған қылмыстық іске бүгін нүкте қойылды.

  • 26 Маусым 2014
  • 831
Фото - Caravan.kz


Кішкентай қыздарды модель боласың деп алдап, тыржалаңаш суретке түсіріп әуестенген Ұлыбритания азаматы бұл. Жеткіншектердің арын арамдаймын деген залым енді 8 жыл жалпы режимдегі түрмеге тоғытылды. Ал абақтыда қыздармен әуейі болғандарға көзқарастың бөтен екені белгілі. Содан болар, байбалам салған сотталушы Питер Барохтың ата-анасы таспаға түскен қыздардың барлығына өтемақы төлепті. Тіпті өз перзентінің арын ақшаға айырбастаған кей аналар өз арыздарын қайтып алған көрінеді. Дегенмен соттың ақырғы шешімі ағылшынды абақтыға айдап тынды. Қонақүйдегі бөлмесінен полицейлер 12 және 15 жас аралығындағы қыздардың порнофильмдерін де тапқан. Ал басты рөлдерде- атыраулық жеті бірдей жеткіншек пен оралдық 3 оқушы қыз болған. 8 жыл бас бостандығынан айырылғаны өз алдына, Барох 150 мың теңге айыппұл да төлеуі тиіс.