Жарияланды: 160

Оралда өртке оранған жатақханадан сегіз адам құтқарылды

Оралда өртке оранған жатақханадан сегіз адам құтқарылды

Құтқарылғандардың арасында үш бала бар

Оралда бес қабатты жатақхана өртеніп, 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Sputnik "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап. .

Жатақхана тұрғынының сөзіне сүйенсек, өрт төртінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Бөлмеде маскүнем ер адам тұрады екен.

БҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жатақхананың өртенгені туралы хабар 20.16-да түскен.

"Оқиға орнына өрт сөндірушілер жөнелтілді. Олар барғанда төртінші қабатта бөлме лаулап жанып жатқан, — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі басылымға. – 21:00-де өрт ауыздықталып, 22:09-да сөндірілді".

Жатақхана тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт сөндірушілер сегіз адамды құтқарған, олардың үшеуі – балалар. Өрт аумағы 25 шаршы метрді құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін