Оралда өз атына бандерольмен есірткі жолдаған тұрғын құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда өз атына бандерольмен есірткі жолдаған тұрғын құрықталды

Оралда өз атына бандерольмен есірткі жолдаған тұрғын құрықталды

Оралда есірткі саудасымен айналысқаны үшін бірнеше рет сотталған тұрғын қолға түсті.

  • 8 Қыркүйек 2014
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы ол пошта арқылы өз атына қомақты көлемде есірткі жолдады деп айыпталып отыр.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оралдық азамат Теміртау қаласына келіп «белгісіз біреуден 700 грамнан астам героин сатып алған және оны «Қазпошта» АҚ арқылы өз атына бандерольмен жолдаған».

Полицейлер оны бандерольды алған бойда қолға түсірді.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.