Оралда полиция қызметкері пара алу үстінде қолға түсті
Оралда Батыс Қазақстан облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің қызметкерлері Ақсай қаласының тұрғынынан 1 мың доллар көлемінде пара талап еткен Бөрлі аудандық ІІБ-ның қызметкерін ұстады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінен хабарлады. |
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің ақпараты бойынша, полиция қызметкері Ақсайлық тұрғынның үстінен қозғалған қылмыстық істі жабу жөніндегі сылтаумен пара талап еткен. Ұсталған кезде Ақсайлық тұрғын оған талап етілген ақшаның жартысын беруі тиіс еді.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің тергеу бөлімі полиция қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық Кодесінің 311- бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жалғасуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін