Оралда қарақшылар касса қызметкерін ұрлап, айырбастау пунктін тонап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда қарақшылар касса қызметкерін ұрлап, айырбастау пунктін тонап кеткен

Оралда қарақшылар касса қызметкерін ұрлап, айырбастау пунктін тонап кеткен

Тапанша ұстаған адамдар қорқытып, кассадан 75 мың теңге ақша алып кеткен.

  • 9 Сәуiр 2021
  • 21
Фото - Caravan.kz

БҚО полицейлері облыс орталығында дүкен мен айырбастау пунктін тонап кеткендерді ұстады, — деп хабарлайды  Caravan.kz порталы  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қала дүкендерінің бірінің сатушысынан қоңырау түскен. Ол тапанша ұстаған адамдар қорқытып, кассадан 75 мың теңге ақша алып кеткенін хабарлаған. Бірнеше сағаттан кейін айырбастау пункт қызметкері де полицияға ұқсас арыз қалдырған. Ол жерден бірнеше ер адам бір жарым миллион теңге, 260 АҚШ доллары, 260 еуро, 169 мың Ресей рублін, сондай-ақ қызметкердің жеке заттарын алып кеткен.

"Олар касса қызметкерін жұмысқа бара жатқан жолда ұрлап әкеткен. Дүкен арқылы айырбастау пунктінің қызметтік кіреберісіне жетіп, нысанды дабыл қондырғысынан алып тастаған. Кейін есікті касса қызметкерінен алған кілтпен ашқан. Ал кассирдің өзі көлікте байлаулы отырған. Кетіп бара жатып, олар дүкендегі кассаны да тонап кеткен. Сатушыны қорқыту үшін қолданылған тапанша жалған екені анықталды.


Қылмыс күндізгі уақытта жасалды. Ол үшін күдіктілер алдын ала дайындалған", – деді Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов.

Соңғы жаңалықтар