Оралда қатты желдің салдарынан әуе қатынасында үзілістер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда қатты желдің салдарынан әуе қатынасында үзілістер болды

Оралда қатты желдің салдарынан әуе қатынасында үзілістер болды

Қатты жел мен қар аралас жаңбыр Орал қаласынан Алматыға әуе рейстерінің кешігуіне себеп болды.

  • 3 Қараша 2022
  • 9
Фото - Caravan.kz

Жолаушылардың бір бөлігі рейсін бір күннен артық күтті. Әуекомпанияның баспасөз қызметі бұл жағдайға түсініктеме берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа поратыл Kaz.tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ұшақ кеше (01.11 — еск.) Астана уақыты бойынша сағат 10:30-да ұшуы керек еді. Бірақ мұзды жаңбыр қарға ауысты. Содан кейін оған қатты жел қосылды. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін рейс кешіктірілді. Астана уақыты бойынша бүгін (02.11) сағат 15:20-да ұшып кетті", — деп түсіндірді Air Astana корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахымов.

Ол мұндай себептер әуекомпанияны жолаушыларға тұратын орын беруге міндеттемейтінін, соған қарамастан ұшуды күткен барлық 40 жолаушыны Air Astana қонақүйге орналастырып, ыстық тамақ бергенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар