Жарияланды: 450

Оралда қоғамдық муниципалдық округтер құрылды

Оралда қоғамдық муниципалдық 11 округ құрылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне батыс Қазақстан облыстық әкімшілігінен хабарлады.

Қоғамдық муниципалдық округтердің басты мақсаты - әкімшіліктер мен мәслихаттардың әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді дер кезінде сапалы шешуіне бұқара тарапынан қойылатын нақты бақылауды жүзеге асыруға, халықтың өз еркі мен құқығын кең көлемді пайдалануына жағдай жасауға саяды. Қоғамдық муниципалдық округтер басшыларының мәліметіне жүгінсек, алға қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін Қоғамдық муниципалдық округтер Кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық қабылдаулары ұйымдастырылады. Оған округ тұрғындары өз проблемаларын жеткізе алады. Сондай-ақ, Қоғамдық муниципалдық округтер сайлау науқанына тәуелсіз мониторинг жүргізбек ниетте. Қалалық және облыстық мәслихаттарда да "Жергілікті өзін-өзі басқару құқығы үшін" атты блок фракциясы құрылады деп жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть