Жарияланды: 30

Оралда қоқыстан өлі шақалақ табылды

Оралда қоқыстан өлі шақалақ табылды Сурет - Ktk.kz

Оралда қоқыс контейнерінің жанынан өлі табылған нәрестенің анасы ұсталды. 


Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Баланың денесі 6 қыркүйекте сағат 10:00 шамасында Әбубәкір Кердері көшесі бойындағы көпқабатты үйдің ауласынан табылған.  Куәгерлердің айтуынша, шала туылған шақалақ өлі болған.Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс жүргізді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады.

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, ұстады. Оқиға орнынан сөмке, жамылғы, 2 пакет, 2 есік кілті, домофон кілті табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 100-бабына сәйкес (жаңа туған баланы анасының өлтіруі) тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай, әйелдің бұдан басқа төрт баласы бар. Шақалақтың қалай өлгені сараптама қорытындысына сәйкес анықталатын болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін