Оралда құлағалы тұрған үйдің тұрғындары шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда құлағалы тұрған үйдің тұрғындары шу шығарды

Оралда құлағалы тұрған үйдің тұрғындары шу шығарды

Оралда ескі тұрғын үй құлағалы тұрса да, жергілікті басшылар оны апатты деп тануға асығар емес. Үйінді астында қаламыз ба деп үрейленіп отырған жұрттың айтуынша, пәтер төбесінен құм саулап, жаңбырлы күндері су тамшылайды.

  • 15 Қараша 2016
  • 432
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК хабарлайды. 

Қалада қазір дәл осындай жағдайда тұрған 200-ге жуық көппәтерлі үй бар екен. Ал жергілікті шенеуніктердің жауабы мәселені тұрғындардың өзі шешсін дегенге саяды.

Салынғанына 70 жылға жуықтаған мына тұрғын үйдің ішкі-сыртқы түрінен өзге түгіл, тұрғындардың өздері шошиды. Бірнеше рет жиылып, жөндемек болғанмен, адам күші де, қаржы-қаражат та жетпеген.Үйдің қабырғалары да әбден тозып кеткен. Пәтер ішіндегі қолқаны қабатын сыз исі тіпті шыдатпайды. Бұл осындағы 16 пәтерге ортақ жағдай. Ал мұның бәрін қағазға түсіріп, көмек сұраған халыққа ешкім қол ұшын созбаған.

-Күн жаңбыроғарыдан су ағады. Жаңбыр блы кезде жолған күні түгел су боп кетті, дейді Орал қаласының тұрғыны Ләззат Қайырова.

Шама-шарқы келгенше жөндеу жұмыстарын жүргізіп шаршаған тұрғындар пәтер иелері кооперативінің де құрамынан шығып кеткен. Өйткені, ондағылар ақша жинаудан басқа ештеңемен айналыспайтын көрінеді. Ал, әкімдіктегілер үйдің қандай жағдайда екені тек сараптама қорытындысынан соң белгілі болады деп отыр.

-Мұндай үйлер қалада жетіп-артылады. Жалпы саны 200 үй бар осындай. Тұрғындарға айтарым –қол жинап, қажетті құжаттарын өткізіп, терможаңғырту бағдарламасына қатысып, үйлерін жөндетсін, дейді Орал қалалық тұрғынүй шаруашылығы бөлімінің жетекшісі Қайрат Мұхамбетқалиев.


Бірақ, ол үшін жөндеуден өтетін тұрғын үй пәтер иелерінің кооперативі құрамында болуы тиіс. Одан кезінде өз еріктерімен бас тартқан тұрғындар енді үйінді астында қалмас үшін өздері қам-қарекет жасамаса, әкімдіктен қайран болмайтын секілді.