Жарияланды: 510

Оралда тамақтан уланып 12 жасар қыз қайтыс болды, тағы 78 бала ауруханаға түсті

Оралда тамақтан уланып 12 жасар қыз қайтыс болды, тағы 78 бала қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен бүгін, 25-шілдеде хабарлады.

Агенттік ақпаратына жүгінсек, зардап шеккендердің барлығы облыстық құрт ауруына қарсы "Ивушка" балалар диспансерінде емдеуде болған. Азық-түлік инфекциясы сапасыз тағам тұтынудан болып белең алған. 24-шілде күнгі жағдаймен 30 баланың ахуалы ауыр, 48 баланың ахуалы орташа деп бағалануда. Балалардың орта жас мөлшері 4-15 жас аралығында. Санаторийде эпидемияға қарсы шаралар қолданылып, тазалық талаптарын өрескел бұзу оқиғалары анықталды. Жауапты адамдарға қатысты материалдар қалалық сотқа жіберіліп, балаларды жаппай уландыру себептерін тексеру одан әрі жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть