Оралда толғақ қысқан ана лифтіде қамалып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда толғақ қысқан ана лифтіде қамалып қалды

Оралда толғақ қысқан ана лифтіде қамалып қалды

Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласында оқыс оқиға болды.

  • 18 Тамыз 2015
  • 525
Фото - Caravan.kz


Шаһардағы Құрманғазы көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінен қалалық перзентхананың қабылдау бөлмесіне шұғыл қоңырау шалынады.

 Өйткені осында тұратын жас ананы толғақ қысып жатыр екен. Құрамында дәрігер және орта медициналық қызметкері бар жедел жәрдем тобы жоғары қабатқа көтеріледі. Лифт жұмыс істеп тұрған. Көп кешікпей толғақ қысқан анамен бірге төмен түсу үшін қайтадан бәрі лифтіге кіреді. Дегенмен, дәл осы сәтте лифт істен шығып күрт тоқтап қалады да олар соның ішінде «қамалады». Оның іші көзге түртсе көргізсіз, тас түнек қараңғылық. Төтенше жағдайлар жөнінде облыстық департаменттің жедел құтқарушылар тобына хабар берілгеннен кейін олар оқиға орнына тез жетеді. Құтқарушылар арнаулы кілттің көмегімен лифтінің қаусырмалы есігін ашқан кезде толғақ қысқан әйелдің үстінен түседі. Әйтсе де оның қасында дәрігер мен орта медицина қызметкері болуы оқиғаның зардапсыз аяқталуына әсерін тигізген.
Құтқарушыларға шұғыл көмегі мен кәсіби шеберлігі үшін жедел жәрдем дәрігерлері шынайы ризашылығын және алғыс сезімдерін білдірді, деп хабарлайды egemen.kz. 

Соңғы жаңалықтар