Оралда төрт баланың әкесін өлтірген ер адам сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда төрт баланың әкесін өлтірген ер адам сотталды

Оралда төрт баланың әкесін өлтірген ер адам сотталды

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 32 жастағы Марат Өтеғұловтың өліміне қатысты іс бойынша айыптау үкімін шығарды.

  • 7 Ақпан 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамның жүрегіне пышақ салып өлтірген. Айыпталушы — 34 жастағы Виталий Туренков.

Сот мәліметіне сүйенсек, 2021 жылдың қыркүйегінде Туренковпен тұратын әйел дүкенге сыра алуға кеткен. Ер адам оны көпқабатты үй балконынан бақылап тұрған. Дүкенге жақындағанда алдынан шыққан төрт ер адамның біреуі онымен таныспақ болған. Бірақ ол жауап бермей, сыра сатып алып, үйіне қайтқан. Осы кезде Туренков жағдайды анықтау үшін төменге түсуді ұйғарған.

"Туренковтың қолында пышақ болған. Ол әйелге жақындаған ер адамды жұдырығымен ұрған. Сосын Өтеғұловтың кеуде тұсына пышақ сұғып алған. Ол жерге құлаған. Жүрекке тиген соққыдан ол қаза болды", — деді судья Бақыт Ермаханов.

Сотта Туренковтың бес рет сотталғаны айтылды. Соның ішінде бұзақылық және бопсалау үшін жазаланған. Ол 2021 жылдың мамырында шартты түрде босап шыққан.


"Сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 14 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — деді судья.

Сондай-ақ, сотталушы марқұмның әйеліне 2,6 миллион теңге материалдық және 10 миллион теңге моральдық зиян үшін өтемақы төлеуі тиіс. Айта кетейік, 32 жастағы марқұмның артында әйелі мен төрт кішкентай баласы қалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар