Оралда ұрылар полиция бөлімінде тұрған терминалды тонады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда ұрылар полиция бөлімінде тұрған терминалды тонады

Оралда ұрылар полиция бөлімінде тұрған терминалды тонады

Оралда ұрылар тура тәртіп сақшыларының «тұмсығының астынан» терминал тонамақ болды. Төлем аппараты анау-мынау емес, дәл әкімшілік полицияның ғимаратында тұр.

  • 20 Маусым 2015
  • 539
Фото - Caravan.kz

Мекемеге терминал жүргізушілер айыппұлды оңай әрі жылдам төлеуі үшін арнайы орнатылған екен. Баукеспелер ғимараттың темір есігі мен құрышпен торланған терезесіне еш зақым келтірмей, қалай ішке кіргені белгісіз. Криминалистер қандай да бір айғақ табу үшін оқиға орнын түгел тінтіп шықты. Алайда өз ғимаратына жасалған шабуыл туралы полиция түсініктеме беруге асығар емес. Бір анығы – ұрылар терминалдағы ақшаны алып кете алмаған.

Торговин, банк өкілі:

-Бәрі орнында. Тек терминалды жұлмалап, бұзып тастаған. Қондырғы жақсы қорғалғандықтан, ақшаны ала алмапты.