Оралда заңсыз саудаланған алкоголь өнімдері жойылды
|
Оралда дүкен сөрелерінде заңсыз саудаланған алкоголь өнімдері жойылды. Жалпы саны 2 мың бөтелке. Барлығы бағасы қымбат арақ-шараптар.
Қаржы полициясы мен салық комитетінің бірлескен арнайы рейдібарысында тәркіленген ішімдіктердің барлығы ешбір рұқсатсыз саудаланып келген. Тергеу шараларын аяқтаған құзырлы орындар қала сыртындағы қоқыс полигонында айғақ заттардың көзін жойды. Ал заңды белден басып, ащы судың арқасында оңтайлы табыс тауып келген бірнеше дүкен иелері жауапқа тартылмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін