Құрсағында 9 ай көтеріп, дүниеге әкелген анасына керек болмаған мына шақалақты қазір мейірбикелер қолдарынан түсірмейді. Сәбидің денсаулығында айтарлықтай кінәрат жоқ. Бірақ, сыз жерде жатып қалғандықтан, салқын тиген. Полицейлерге 21 жастағы көкек ананы табу қиынға түспеді. Өйткені пакетке баламен бірге барлық мәлімет жазылған перзентхананың тілдей қағазы салыныпты. Бірақ мекемеден шыға сала, гараждардың арасына өз нәрестесін неге тастай қашқанын келіншек түсіндіре алмады. Тасбауыр анаға айыппұл салынып, қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 3 айға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал періштесі қағып,аман қалған шақалықтың ендігі тағдырын қамқоршылық органдары шешпек.
Гүлсім Жұмағалиева, БҚО балалар ауруханасының неонатолог дәрігері:
-Тамағын жақсы ішеді. Салмағын қосып жатыр. Үлкен-кіші дәреті болып жатыр. Кеше түскенде температурасы 36,3 болған, баланы жылытып, әлпештеп, осылай бағып отырмыз.