Оралда жиырма жастағы полицей өзін-өзі атып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда жиырма жастағы полицей өзін-өзі атып тастады

Оралда жиырма жастағы полицей өзін-өзі атып тастады

Қайғылы оқиға үшінші желтоқсанда таңғы сағат 7.40-та Орал полиция басқармасы ғимаратында болды. Полиция департаменті ол бірде-бір рет тәртіптік жазаға тартылмаған ұқыпты қызметкер болғанын атап өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

  • 3 Желтоқсан 2021
  • 26
Фото - Caravan.kz

Жасы небәрі 20-да болған полиция кіші сержанты қызметтік міндетін атқарып жүріп өз-өзіне қол жұмсаған.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жас жігіт әскери борышын өтеп, 2021 жылдың мамыр айында полицияға жұмысқа орналасқанын хабарлады.

"Қызмет атқарған уақытында ол өзін жақсы қызметкер екенін көрсетті, физикалық тұрғыдан шыңдалды. Режимді сақтады, жұмысқа кешікпеді. Қызмет атқарған уақыт ішінде оған жаза қолданылмаған", — деді полициядағылар.

Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, бір мезгілде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар