Жарияланды: 80

Оралдағы қанды оқиға: бұрынғы күйеу баласы жарақаттаған ер адам көз жұмды

Оралдағы қанды оқиға: бұрынғы күйеу баласы жарақаттаған ер адам көз жұмды

Ер адам ішінен жарақат алғаннан кейін ауруханада екі апта бойы хал үстінде жатқан

 Оралда бұрынғы күйеу баласының қолынан зардап шеккен ер адамды дәрігерлер аман алып қала алмады.

"Мой город" порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, науқас хал үстінде болған. Дәрігерлер оған екі күрделі ота жасапты. Дегенмен 24 мамырдың түнінде ол алған жарақатынан көз жұмды.

Трагедия 10 мамыр күні болды. 38 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің ата-анасын атып тастаған. Әйел сол жерде жан тапсырды, ішінен жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Кейінірек марқұм болғандардың қызы ата-анасын бұрынғы күйеуі жеті жасар ұлының көзінше атып тастағанын айтты.

Оралда сот күдіктіні тұтқындауға санкция берді. Қылмыстық іс қозғалды



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін