Орамал таққан еркек: Желіде "өлтіру керек", - дегендер көбейді, ал өмірде кездестірмедім - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орамал таққан еркек: Желіде "өлтіру керек", - дегендер көбейді, ал өмірде кездестірмедім

Орамал таққан еркек: Желіде "өлтіру керек", - дегендер көбейді, ал өмірде кездестірмедім

Өткен апта "Oybay Show" бағдарламасына сұхбат беріп, елді дүр сілкіндірген орамалдағы жігіт көпшілік қауымның жағасын ұстатты.

  • 9 Маусым 2020
  • 89
Фото - Caravan.kz

Аз уақыттың ішінде ел аузында жүрген Мұхаммед есімді визажист Caravan.kz медиа порталының тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

— "Oybay Show" бағдарламасынан кейін хейтерлер көбейген болар. Бұған сіз дайын болдыңыз ба?

— "Oybay Show" бағдарламасында айтқан болатынмын. Хейтерлердің сөзіне мән бермеймін. Басында айтып өткендей мен хейтерлерге дайын болдым және өзге адамның ойын өзіме қатты қабылдамаймын.

— Осы сұхбаттан кейін сізге қоқан-лоққы көрсеткендер болды ма?

— Ол сұхбаттан кейін желіде өлтіру керек деген сияқты пікірлер көбейді. Ал өмірде әлі кездестірген жоқпын. Инстаграм желісінде басқа да әлеуметтік желіде олай жазғандар көбейді. 

— Осы сұхбаттан кейін ата-анаңыздың реакциясы қандай болды?

— Ата-анамның реакциясы бұрынғыдай. Ата-анам әрине кішкене қорықты, бірақ "шын мақсатыңнан тайма", — деді.

— Осылай орамал таққаныңыз танымалдығыңызға әсер етті ме?

—  Танымалдығым қатты әсер етті деп айта алмаймын. Өйткені, видеоларым бұрыннан жүрген болатын. Орамал тағып бұрын да жүрдім. Ғаламторда қазір барлық видеоларым желіге жайылып кетті, сол себепті 40 пайызға танымалдылық әсер етті. "Oybay show" бағдарламасы видеомның көп таралуына әсер етті.

Соңғы жаңалықтар