"Орамалмен жүрсең шашың кірлемейді": Жазира Байырбекова сахнаға орамалмен шыққысы келетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орамалмен жүрсең шашың кірлемейді": Жазира Байырбекова сахнаға орамалмен шыққысы келетінін айтты

"Орамалмен жүрсең шашың кірлемейді": Жазира Байырбекова сахнаға орамалмен шыққысы келетінін айтты

Саханаға орамалмен шығатын әншілердің санын Жазира Байырбекова жалғамақшы ма? 

  • 4 Мамыр 2021
  • 249
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші оқырмандарын сынады ма, әзілдеді ма, расымен сахана орамалмен шыққысы келеді ме, ол жағы беймәлім. Желідегі парақшасында сахнаға орамалмен шыққысы келетіні жайлы айтты.

"Орамалмен жүрсең шашың кірлемейді,прическа жасап күйдірмейсің,әрі барлық қыз-келіншектерге жарасады.
Болашақта сахнаға орамалды осылай тағып шықсам ұрсатын шығарсыздар ия?", деп жазды. 

"Қайта қазақ келіндеріне орамал тақпай жүрген барша әйел қауымына үлгі болар едіңіз", "Таққандар шешіп тастады ғой, нам уже все равно", "Енді …орамалды әйел адам тақпағанда еркек адам тақпайтын шығар ейелді еркек ажыратанын юбка орамал сырға ұзын шаш т.б лар ғой..не оны таңсық көретіні бар солай солай міндет әйел тағуға …ораза қабыл болсын!", деп өз пікірлерін жазды оқырмандар. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін саханағаорамал тағып шыққан әншілер Ақбота-нұр Сейітмағамбет, Роза Әлқожа, Мөлдір Әуелбековалар болатын. Әйткенмен, Ақбота мен Роза Әлқожа орамал тағып, ән салуға қиын екендіктерін айтқан болатын. 

Соңғы жаңалықтар