"Орамалыңды шеш!" - Қалыңдықтың анасы той үстінде шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орамалыңды шеш!" - Қалыңдықтың анасы той үстінде шу шығарды

"Орамалыңды шеш!" - Қалыңдықтың анасы той үстінде шу шығарды

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан той үстінде қалыңдықтың анасының шу шығарып жатқанын көруге болады. 

  • 31 Тамыз 2022
  • 3516
Фото - Caravan.kz

Той көйлектерін киіп қонақтардың алдына шыққан екі жас ыңғайсыз жағдайда қалады. Жұбайының басындағы сәнді орамалды байқаған қыздың анасы жүгіріп барып, оның орамалын жұлмалай бастайды. "Орамалыңды шеш, орамалыңды шеш!" деп айқайлайды ол.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Айқын.кз-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнежазбаға қатысты оқырмандардың пікірі екіге жарылған. Олардың бір тобы қалыңдықтың киімі дұрыс деп санаса, екінші тобы мұны елдегі діни фанатизммен байланыстырған.

"Елдің алдында мұнысы қате енді… Анасы дұрыс жасамады", "Дұрыс, баста білмеген болар, оранғандар керемет деп есептеуге болмайды", "Қазақтың дәстүрінен жат заттарды жою керек, әсіресе араб дәстүрін", "Осындай көргенсіз әйелден ақылды қыз туған екен", "Шешесінен рұқсат алу керек еді, ақылдасып. Мен де қызымның оранғанын қаламас едім, иманы жүректе болса болды да", "Орамал таққаннан ешкім жаман болмайды. Әйелдікі дұрыс емес.Тойдың шырқын бұзып", — деген желі қолданушылары.

 

Бұл жерде қыздың анасында түсінуге болады.

Posted by Жанат Есентай on Tuesday, August 30, 2022

 

Соңғы жаңалықтар