"Оранған арабқұл": Айдана Меденова құдайдың сынағы туралы айтып, сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Оранған арабқұл": Айдана Меденова құдайдың сынағы туралы айтып, сынға қалды

"Оранған арабқұл": Айдана Меденова құдайдың сынағы туралы айтып, сынға қалды

Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Айдана Меденова жеке парақшасында жазба жариялап, өміріне көңілі толмайтын жандар туралы айтты.

  • 22 Желтоқсан 2023
  • 2845
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесінің айтуынша өміріне шағымданатын адамның қарасы көп көрінеді. 

“Шіркін, мен оның орнында болсам”. Кейбір адамдар "бәрінің жағдайы жақсы, менде ғана бәрі жаман" деп ойлайды. "Біреудің орнында мен болсам, олай қиналмас едім" дейді. Әр адам іштей "менің ғана жолым болмайды, проблемам шаш етектен" деп, өз өмірін үнемі біреумен салыстырады.
Шын мәнінде, адам болғаннан кейін проблема да, сәтсіздік те бәрімізге тән. Құдайға сенсін-сенбесін, жақсы немесе жаман болсын – сынақ бәріне беріледі. Сол себепті біреудің өмірі жеңіл, менікі ауыр деп бекер ойларға берілудің керегі жоқ па деймін.Әр адам басына келген сынақты әртүрлі қабылдайды. Бірі басына түскен істі көтере алмай, одан ары тұңғиыққа батады. Іштей желінеді”, – деп сипттайды әнші. 

Алайда кез келген мәселеге бас ауыртпайтын адамдарды да атап өтті.
“Ал кез келген мәселеге жеңіл, басын қатты қатырмай қарайтындар бар. Тіпті керек десеңіз, басына түскен істі өзіне берілген мүмкіндікке айналдыра алатындар бар. Қиындықтар арқылы жақсы жаққа өзгергендерді де білем.
Біз Аллаға барынша жақындаған кезде қиындықтарға проблема ретінде қарамаймыз. Аллаға сенгендіктен басыңа келген істі өте жеңіл өткересің. Тіпті ойлаған ісің іске аспай жатса да, сабырлы түрде қабылдай аласың.
Сынақтың да түр-түрі бар. Тіпті жоқшылық, тоқшылықтың өзі де кейбір адамдарға – сынақ! Біреуге сынақ билік түрінде, екінші адамға кедейлік ретінде кездеседі. Кейбір адамға сынақ жұлдыз ауруы болып жолығады.
"Менде бәрі идеально" дейтін адамдардың өмірі мінсіз емес. Олардың өзі кезінде сынақтармен бетпе-бет келгені анық. Сол сынақтардан сынбай өткендерді мықты адам деп айтуға болар. Өмір деген теп-тегіс, түп-түзу емес, болмайды да. Сондықтан әр адам нақты өз позициясын таңдап, Құдіреті күшті Алламен қарым-қатынасын ретке келтіру керек. Әрдайым бәріне дайын болуы үшін ілім, білім іздегені абзал”. – деп ақыл айтады өнер иесі.

Экс-әншінің оқырмандары жазбаны ой салды деп жатса, енді бірі дінге кетіп қалғанына өкпелейді. “Періште болып ақыл айтудың шебері, пері жүрген”, “Оранған арабқұл”, “Сондай сұлусыз”, “Сахнаға оралсаңызшы” деп жазып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар