Оразада ауыз бекітудің пайдасы - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оразада ауыз бекітудің пайдасы

Оразада ауыз бекітудің пайдасы

Күллі мұсылман асыға күтетін қасиетті Рамазан айының басталуына небәрі тоғыз-ақ күн қалды. Осы ұлы мерекенің қарсаңында Өскеменде әр ауылдың имамдары бас қосып, дінімізді қаншалықты терең меңгергендерін айтып, ауыз бекітудің пайдасы туралы оқып-тоқығандарын ортаға салды. 

  • 19 Маусым 2014
  • 500
Фото - Caravan.kz

Өңірдегі діндарлар бұлай бірінші рет бас қосып отыр. Қала мен әр ауданнан, тіпті шалғайдағы ауылдардан ат терлетіп келген молдалар да бар. Барлығы бүгін шәриғаттың шарттарын қаншалықты білетіндерін пысықтап, бір-бірімен сұхбаттасып, арқа-жарқа болып қалды. Ораза айында жамағатқа қандай уағыз айтылуы керектігі және күмәнді ниетті көздейтін діни ағымдарға қалай тосқауыл қоюға болатыны туралы тың дәрістер тыңдалды.

Рауан Махмұтов, Өскемен қалалық мешітінің бас имамы:

Пайғамбарымыздың айтқан сөзі бар ғой, «тал бесіктен жер бесікке дейін білім талап етіңіздер» деген. Рамазанның отыз күнінде осы алған білімімізді, оқып үйренгенімізді жамағатқа жеткізу пайдалы болады деп ойлаймыз.