Орман өрттерінен келген залал 221 млн теңгені құрады – Экология министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орман өрттерінен келген залал 221 млн теңгені құрады – Экология министрлігі

Орман өрттерінен келген залал 221 млн теңгені құрады – Экология министрлігі

Бұл туралы бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты. 

  • 23 Тамыз 2019
  • 9
Фото - Caravan.kz


Орталық коммуникациялар қызметінде «Браконьерлікпен күресу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шарада ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев өрт мәселесін көтерді. 

«Жыл басынан бері республиканың ормандарында 499 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл 65 мың 437 гектар аумақты құрайды. Оның 31 мың 715 гектары орманмен көмкерілген. Өрттерден келген жалпы залал 221 миллион теңгені құрады. Былтырғы жылғы деңгеймен салыстырғанда орман өрті оқиғасының саны 1,8 есе артты. Ал орман өртінің аумағы керісінше азайған», — деді Ерлан Нысанбаев.

Вице-министр биылғы жылы орман өрттері салдарынан әріптестерінен де айрылғанын айтты. Оның дерегінше, биыл өте құрғақ әрі ыстық ауа райы қалыптасты. Сондықтан қазір бүкіл әлемде өрт жиілеген. Бүгінгі күні Ресейде 3 миллион гектарға жуық аумақ өртенген. Бразилияда да өрт тарап жатыр. Бұл ғаламшардың экожүйесіне үлкен залал тигізеді.

«Бізде жақында Алматы облысындағы орман шаруашылығында өрт болды. Оның салдарынан үш адам қаза тапты. Қарағанды облысы Қарқаралы ұлттық  паркінде де өрт болды. Ол төрт күнге созылды. Тілсіз жаумен 329 адам мен 60 техника арпалысты. Бұған қоса, өртті сөндіруге 4 тікұшақ жұмылдырылды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Қарқаралыдағы өрттің жалпы аумағы 3 мың 700 гектарды құрады. Тілсіз жаумен күресу қиынға соқты, бірақ біз өртті тоқтаттық», — деді Ерлан Нысанбаев.

Соңғы жаңалықтар